"Тіл- татулықтың тірегі" тақырыбындағы сайысқа 191 фкк тобының студенттері қатысты. Мақсаты: Студенттердің мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Ұраны: Анамыздың ақ сүтін бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды,
тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы.
Сайыста "Білгірлер" мен "Тапқырлар" болып 2 топқа бөлінді. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең "Бәйге"
2 кезең "Полиглот"
3 кезең "Топпен ән орындау"
4 кезең "Жаңылтпашты жаңылмай айтып көр"
5 кезең "Жорға"

Сайыста екі топта белсене ат салысты. Жеңіске жеткен "Тапқырлар" тобы болды.