Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. І – курс оқушылары «Қара жорға» биімен облыстық студенттерінің онлайн флешмобы, ІІ – курс оқушылары «Ата – салтын ардақтайық» атты салт-дәстүрі айдарымен «Бесікке салу» дәстүрімен таныстырып, қазақ халқына тән ұлттық қасиетті дәріптеді, «Бір шаңырақ астында» атты сынып сағаттары өтіп, мерекелік құттықтаулар жолданды. «Ұлттық ойындар» айдарында қазақ халқының ұлттық ойындары «Асық», «Тоғыз құмалақ», «Арқан тартыс», «Қол күрес» т.б ойындары кеңінен насихатталды.