“Тәуелсіздік — азаттығым, бақ құсым” атты еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Арқалық медицина колледжінде білім алушылардың патриоттық сезімін арттыру мақсатында 15-желтоқсанда мерекелік әдеби кеш өткізілді. Кешіміздің арнайы қонағы ретінде ызғарлы “Желтоқсан оқиғасының” куәгері, “Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің” директоры Құсайын Дәмет Есенжолқызы келіп, студенттерге Тәуелсіздік қандай жолмен келгенін түсіндіре отырып, тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, іс-шара барысында оқытушылар, білім ордамыздың қоғамдық өміріне, спорттық жарыстарға белсенді араласқан білім алушылар марапатталып, 21 ФКБ тобының білім алушыларының өнерін тамашалаумен аяқталды.