Арқалық медицина колледжінде 15 қараша Ұлттық валюта күніне орай " Ұлттық теңге мәртебесі" тақырыбында викториналық сайыс өтті. Сайысқа 192 фкб тобының студенттері қатысты. Студенттер екі топқа бөлінді "Табыс" және "Тиын" . Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1. "Ұшқыр ойдан ұтымды жауап"
2. " Әр елдің - өз валютасы бар"
3. "Жағдаяттық тапсырмалар"
4. "Теңге алу" сергіту сәті
5. "Менің қиялымдағы теңгем"
6. "Кім жүйрік"
Сайыста екі топта белсене ат салысып Достық жеңді.