Бірінші курсқа түскен студенттерге колледжіміздің оқу үрдісі мен тәртібін қабылдап, бейімделуіне бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Әр адамның өзін-өзі бағалай білуі, тұлғалық даму құқығы бейімделудің психологиялық жағдайын құрудың негізгі мақсаты болып табылады. Егер біз студентке жаңа оқу ұжымына енуіне көмек көрсетсек, оны колледждің барлық орталықтарымен (оқу, ғылыми, қоғамдық) бірге жүзеге асыруымыз керек. Осылайша орта кәсіби білім жүйесіне енгелі тұрған бірінші курс студенті алдындағы туындаған қиындықтар мен оларды шешу жолдары студенттің академиялық белсенділігі мен білім үрдісіндегі жетістігін арттыра түседі. Солардың бірі «Бәріміз біріміз үшін» атты 1 курстармен өткізілген топтық тренинг. Тренинг мақсаты: топта жағымды психологиялық ахуал орнату, білім алушылардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас құруы.