Емтихан – бұл білімді тексеру ғана емес, емтихан тапсыру уақытындағы әртүрлі қобалжу жағдайлар кезеңіндегі білімді тесеру. Қобалжу - ауыртпалық, жүктеме болған жағдайда ғана болмайды, ол болмаған кезде де болады. Балалар мен ата-аналардың осы уақытта өмірі көңіл-күйдің әртүрлі қысымын толы болады.

Әртүрлі қиындық жағдайлар туған сәтте кез келген адам сезінеді. Қобалжу кезінде өз-өзіңді қолыңа алып, ойларыңды жинақтап емтихан сұрақтарына дұрыс жауап беруге тырысу керек. Жай ғана мысал келтірсек: емтихан алдында барлығын қайталауға уақыт жетпейді, басымыз қатуы мүмкін, алайда емтихан билетін алғанан кейін өз-өзіңе сеніп, билеттерді асықпай бір қарап өткеннен кейін барлығы есімізге түседі. Жетістікке қол жеткізудің алғашқы қадамы өзіңді психологиялық тұрғыда емтихан тапсыруға дайындау болып табылады. Баланы жетістікке, сәттілікке қол жеткізуге үйрету керек, алайда үрейленетін адамдарға нәтижелі болу қобалжу туғызады. Олар нақты атқаратын жұмыстары алдында ойларын жинақтап, өзін-өзі қолға алуы керек. Сондай-ақ, олар алдарына «Мен бес алуым керек», «Қандай жағдай болмасын тест сұрақтарына жауап беруім керек» деген мақсат қойғандары дұрыс.

Қобалжу – қорқыныш үстінде пайда болған сезімдердің жиынтығы. Бұл әрбір адам үшін қиын, кездейсоқ сәттерде кездесетін қалыпты жағдай болып табылады. Қобалжу сәтіндегі үш жағдай.

Стресстік жағдайдың белгілері:

Өзін-өзі қалыпты сезіну жағдайында болмау

Жиі қателіктер

Есте сақтау қабілетінің төмендеуі

Шаршау сезімінің пайда болуы

Тез сөйлеп, тез жүру

Ойлардың жинақталмауы

Тітіркену, жақтырмау сездімдерінің болуы

Агрессиялық есзімнің пайда болуы

Шыдамсыздықтың пайда болуы

Көңіл-күйдің тез ауытқуы, жағымсыз эмоциялық сезімдердің пайда болуы

Қобалжуды жоюдағы ұсыныстар:

  • Міндетті түрде өзіңнің қобалжуларыңмен бөлісу.
  • Өзіңе ләззат әкелетін іс-әрекеттерді жасауға әрекеттену.
  • Ұйқыны тынықтырып, дұрыс тамақтану.
  • Өзіңді сергек ұстауға арналған жұмыстарды жасау (душ қабылдау, серуен, дене шынықтыру жаттығулары).
  • Жағымсыз әрекеттерді қалыпты жағдай ретінде қабылдау.
  • Қарым-қатынаста қысымшылық жасамау, үрей, қорқыныш туғызбау.
  • Өзіңе сенімсіздік пайда болған сәттерден бастап қолдау табуға тырысу.
  • Өз-өзіңді басқаруға арналған дағдыларды қалыптастыру.
  • Антистресстік тамақтану
  • Адамның миы дене мүшесі салмағының 2-3% құрайды., біздің күнделікті тамақтаныуымыздың 20% миға кетеді.
  • Есте сақтау қабілетті арттыруға – сәбіз
  • Қысым мен шаршауды басу – пияз
  • Төзімділікке – жаңғақ (жүйке жүйесін қатайтады)
  • Қобалжуды сейілтіп, көңіл–күйді көтеруге - ащы бұрыш, құлпынай, банан
  • Жүйкені ретке келтіретін –қырыққабат
  • Ми клеткаларын қоректендіретін, қан айналым жұмысын жақсартатын – теңіз балықтары мен таңқурай
  • Мидың жақсы жұмыс жасауын жақсартатын – ет және балық
  • Жұмыс жасауды арттыратындардың қатарына жатпайтын – қант
  • Таза қант болып келмейтін қанттың элементтері бар қақ жемістері, жаңғақтар, шемішке, ащы шоколад мидың жұмыс жасауын арттырады.
  • Балық майы кездесетін капсулаларды ішу емтихан алдындағы қобалжуды басады. Дәрігерлердің нұсқаулары бойынша қолдану керек. Емтихан алдында көкөністер қосылған теңіз балығын жеп, ащы шоколадпен (30 г) кофе ішкен дұрыс.