1 наурыз Алғыс айту күніне орай, колледжімізде «Алғыс айту-игілік сыйлау» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Мақсаты: ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.